БАҒДАД. Ирақтың қауіпсіздік қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, қарақшылар бүгін Бағдадта кем дегенде 50 кісіні тұтқындап алып кетті. Иран ішкі істер министрлігінің өкілі Фала Әл-Мухаммедауидің айтуына қарағанда, кісі ұрлау туристік агенттіктері орналасқан және жолаушылардың туристік автобустарға отыратын көшеде болды. Тұтқынға алынғандар, негізінен, Ирақтан басқа елге сапарға жиналған жолаушылар мен автобус жүргізушілер көрінеді.