ЛИМА. Перудегі президент сайлауының екінші турында бұрынғы әскер қолбасшысы Ольянта Умаладан көп дауыс жинаған Алан Гарсиа президент болып сайланды. Алан Гарсиа – Перу экономикалық дағдарысқа ұрынып, елде жаппай наразылық толқуы көтерілген 1980-інші жылдары президент тағында отырып үлгерген болатын. Саяси сарапшылардың пікірінше, бұл жолы Перу халқының көпшілігі Гарсианы “2 зұлымның кішісі” және бақталасына қарағанда кәсіпкерліктің “жау емес” деп қолдаған сияқты.