Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев бүгін Тегеранда Иран сыртқы істер министрі Манұчехр Мотаки және президент Махмұд Ақмединижатпен кездесті. Министр Тоқаев қазақ мұнайын Иран солтүстігіне шығару жайында шешім қарастырамыз деді. Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Иранда екі күндік сапармен жүр, Иран жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанимен келіссөз өткізеді деп күтіліп отыр.