А.Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс бергендердің соты 14-маусымда басталады

АЛМАТЫ. Белгілі мемлекет қайраткері әрі Қазақстан оппозициясының көрнекті өкілі Алтынбек Сәрсенбайұлын тапсырыспен өлтірген қылмыстық істі қарайтын сот үдерісі келесі аптаға тағайындалып отыр. Алматы облыстық прокуратурасының өкілі Ғабит Мирасовтың хабарлауынша, сот 14-інші маусымда басталады. “Әділетті Қазақстан үшін” оппозициялық бірлестігінің мүшесі әрі оппозициялық “Нағыз “Ақ жол” партиясының тең төрағасының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы өзінің 2 серігімен бірге ақпан айында Алматы қаласының түбінде қастандықпен өлтірілген болатын.