Саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс Алматы облыстық сотында қаралатын болды. Алғашқы сот мәжілісі маусымның 14-іне белгіленіп отыр.
Сәрсенбі күні Қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің қазасына байланысты сот ісі маусымның 14-інде Талдықорған қаласында өтеді деп хабарлады. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер коллегиясы бұл жайтқа қатысты «Азаттық» тілшісіне ақпарат беруден бас тартты.
Мамыр айының 31-і күні Жоғарғы соттың қаулысымен ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 293-294-баптарына сәйкес, күдіктілерді айыптауға қатысты қылмыстық істі қарайтын сот айқындалып, іс Алматы облыстық сотының қарауына жолданған болатын. Ал маусымның 5-і күні марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің туыстары арнайы мәлімдеме жасап, қазаға орай қозғалған қылмыстық істің Алматы облыстық сотында қаралатындығына қарсы екендіктерін айтып, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәмиге талап арыз жолдаған болатын.
Маусымның 8-і күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы:
- Жауап күтіп отырғанда сотқа шақыру алдым. Алматы облыстық прокуратурасының сот ашық өтеді деген хабарламасына күдігім бар. Себебі, олар сотқа қатысатын адамдардың санын шектеп отыр. Сот 30 орындық залда өтетін болды. Айыпталушылардың өзі он адам. Олардың қорғаушылары бар. Жәбірленушілер жақтан баратын адамдар саны он адамнан кем болмайды. Біздің қорғаушыларымыз бар дегендей. Қоғамдық ұйымдарға үш орын беріледі дейді. Басқа сот мәжілісіне қатысқысы келген адамдар көрші бөлмеден монитор арқылы бақылау жасай алады деп айтып отыр, - деді.
Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси серіктері де Жоғарғы соттың қылмыстық істі Алматы облыстық сотының қарауына жіберуі заң бұзушылық деп есептейді.
- Жоғарғы соттың қылмыс жасады деп айыпталып отырған ҚР ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы қызметінің әскери қызметкерлері мен өзге де күдіктілердің өтінішімен қылмыстық істі Алматы облыстық сотына қарауға жіберуі - жәбірленушілерді қорлау, - дейді саясаткер Болат Әбілов.
Осыдан үш күн бұрын соттың Алматы қаласында өтуін талап еткен жәбірленушілер егер талаптары ескерілмейтін болса сот отырысына қатысудан бас тартатындықтарын мәлімдеген еді.
- Сотқа қатысу-қатыспауымызды бірінші өтетін сот мәжілісі шешеді. Егер сот биліктің тапсырмасын ғана орындап, әділ сотты жүргізбейтін болса, ондай сотқа қатыспауымыз әбден мүмкін. Бұл жалпы алғанда Қазақстандағы сот жүйесіне қарсылығымыз. Істің жедел түрде қаралатындығы көңіліме күдік ұялатады. Өйткені, 21 томнан тұратын іспен танысуды шектеп тастады. Бұл сотты қалайда тезірек өткізіп, қылмыстық істі қысқартып, жауып тастауды көздеген билік басындағылардың ұйғарымы деп есептеймін, - дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін он жылдан астам мемлекеттік лауазымды қызмет істеген Алтынбек Сәрсенбайұлы екі көмекшісімен үстіміздегі жылдың ақпан айының 12-сінде белгісіз қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан еді.