Еуроодақ лидерлері “Хамас” үкіметіне емес, тікелей Палестина халқына көмек беруді талқылайды

ПАРИЖ. Франция президенті Жак Ширак пен Ұлы Британия премьері Тони Блэрдің бүгін Парижде өтетін кездесуінің күн тәртібіне Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі де қойылды. Иранды уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартуға көндіру мақсатында Теһрамен келіссөз жүргізген Еуроодақ елдерінің қатарында Германиямен бірге Франция және Ұлы Британия да болатын. Сонымен қатар Ширак пен Блэр халықаралық қоғамның қаржылай көмегін “Хамас” тобының үкіметіне емес, Палестина халқына берудің амалдарын да қарастыруға тиіс.