Орталық Азия және Тәжікстан бас раввинының хатшысы өлтірілді

Ташкентте Орталық Азия және Тәжікстан иудей қауымдастығының жетекшісі, бас раввин Абе Давид Гуревичтың хатшысы өлтірілді. Раввин хатшысы Карина-Ривка Лауфер өз үйінде өлі күйінде табылды. Онымен бірге шешесі де өлтіріліпті. ТМД Еврей қауымдастықтарының федерациясы Өзбекстан үкіметін тергеуді мұқият жүргізуге шақырды.