Қырғызстан полициясы өткен айда шекарашыларға шабуыл жасады деп күдіктелетін бес азаматтың фотосүреттерін және аты-жөндерін жариялады. Күдіктілердің арасында Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар. Белгісіз топ 12 мамыр күні Тәжікстан және Қырғызстан шекара бекеттеріне шабуыл жасаған, қақтығыстарда кемінде сегіз адам қаза тапқан.