Палестина президенті Махмұд Аббас үш күндік аза жариялады

Жұма күні Израил әскерінің зымырандық атқылауынан Газа секторында кемінде 7 адам қаза болды деп хабарланды. Израил «біздің территориямызды атқылаған экстремистерді көздеп соққы бермекші болдық» деп айтқан. Махмұд Аббас Израилдың мұндай қимылын айыптады. Хамас жауынгерлері қарымта соққы береміз деп отыр.