ВЕНА. Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Хавьер Солана Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешуге арналған Батыс елдерінің жолдаған ұсынысына ресми Теһранның жауабын осы аптада тосатынын мәлімдеді. Ресми Теһран өзінің уран шикізатын байытуға деген құқын талқыламайтынын, бірақ Батыс елдерінің жаңа ұсыныстарымен танысатынын мәлімдеді. Бүгін Венада атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің мәжілісі өтіп, оған мүше 35 елдің өкілдері Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалды талқылайды, бірақ ешқандай шешім қабылдауға тиіс емес.