Қырғыз парламенті Қазақстанмен ынтымақтастық келісімін тағы да мақұлдаған жоқ

Аталған келісімге екі елдің басшылары үш жыл бұрын қол қойған болатын. Парламенттің бұдан бұрынғы депутаттары бұл құжатты төрт рет кері қайтарған еді. Келісімге сын айтушылар онда миграцияны реттеу тетіктері жеткілікті көрініс таппаған, су ресурстарын пайдалану, транзитті жүкті тасымалдау мәселелері толыққанды шешілмеген дейді. Қазақстан парламенті аталған құжатты мақұлдап қойған болатын.