Ресейдің Кавказ республикаларындағы лаңкестікке қарсы іс-қимыл жалғасуда

НАЗРАНЬ. Ингушетияның қауіпсіздік күштері тінту шарасы барысында бүгін 3 лаңкестің көзін жойды. Олардың бірі милиция қызметкерлері мен үкімет шенеунектеріне қарсы таяуда жасалған шабуылға және 2004-інші жылы Назрань қаласында болған қастандық шабуылға қатысқанға ұқсайды. Сол қастандықтың барысында қауіпсіздік күштері мен милицияның 90-ға жуық өкілі қаза тапқан болатын. Тінту шарасы кеше басталды.