Гуантанамодағы өздерін өздері өлтірген үш тұтқынның мәйіттері елдеріне жіберілді

АҚШ қорғаныс шенеуніктері олардың екеуінің денелері Сауд Арабиясына, ал біреуінің мәйіті Йеменге жөнелтілді деген. Тұтқындар маусымның 10-ы күні өз камераларында киімдері мен төсек орын жапқыштарынан арқан жасап, асылып өлген дейді түрме басшылары.