БАРСЕЛОНА. Испанияның Котолонья өлкесінің сайлаушылары кеше болып өткен референдумда орталық испан үкіметінен үлкен автономия алу мәселесін қолдап дауыс берді. Дауыс бергендердің 70 пайызға жуығы 7 млн.-ға жуық халқы бар өлкеге қаржы, миграция, білім беру салалары мен сот жүйесінде кең құзыр берілуін қолдап шықты. Бірақ референдумда барлық сайлаушының жартысынан сәл азы дауыс берді.