Ислам Конференциясы ұйымы бірқатар ислам еліндегі ахуалды талқылайды

БАКУ. Бүгін Әзірбайжан астанасы – Бакуде – Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері жиналады. Аталған ұйымның таратқан мәлімдемесінде айтылғандай, 3 күндік бас қосудың барысында Палестина-Израиль жанжалы және Ирақ пен Ауғанстандағы қалыптасқан ахуал талқыланбақшы. Бакудегі жиынның күн тәртібінде, сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі де тұрған көрінеді.