Англикан қоғамы әйелдің епископ болып сайлануына қарсы дау көтеруі мүмкін

КОЛАМБУС, ОГАЙО, АҚШ. Халықаралық англикан қоғамының америкалық қанаты болып табылатын Епископ шіркеуі өзіне төраға болатын епископ лауазымына алғаш рет әйелді сайлады. Бұл лауазымға кеше АҚШ-тың Огайо штатында өткен шіркеу кеңесінде Кэтрин Джиффертс Шори есімді әйел таңдап алынды. Кейбір хабарға қарағанда, бұл шешім дау туғызуы мүмкін. Өйткені, англикан шіркеуін қоса алғанда, англикан қоғамдарының басым көпшілігінде епископ лауазымына әйелді сайламайды.