АҚШ әскері "Әл Қаида" ұйымының Ирақтағы басшысы болған Абу Мұсаб Әл-Зарқауидың оң қолы Мансұр Сүлейман Әл-Машхадани өлтірілді діп жариялады. Мансұр Сүлейман Әл-Машхадани жұма күні Юсифия қаласында АҚШ әскері тарапынан өлтірілді деп жарияланды. Бұл жайында АҚШ әскерінің өкілі, генерал-майор Уильям Келдуелл мәлім қылды. Уильям Келдуелл Мансұр Сүлейман Әл-Машхадани "Әл Қаида" ұйымының Ирақтағы жетекшілігін атқаратын, оның өкілеттігі кең болатын деп айтты.