Британияның Аберистуизс қаласында кеше бір азамат жұртқа 36 мың доллар ақшасын шашты. Мәліметтерге қарағанда ол алдымен: "Тегін ақша кімге керек?" деп айғай салып, ақша шашып тура қашқан екен. Жұрт ақшаға ұмтылып бір бірімен таласып қалыпты. 36 мың доллар шашу оқиғасы жақын маңда айнала қойылған телекамераларға ілініп, таспаға жазылған екен.