АҚШ үкіметі "Баку-Тбилиси-Жейхан" мұнай құбыржолына Қазақстанның қосылу келісімін жылы қабылдады

АҚШ сыртқы істер министрлігі бұл жайында мәлімдеме жариялады, өткен аптада Қазақстан мен Әзірбайжан арасында жасалған келісім құбыржолдың стратегиялық маңыздылығын білдіреді, Шығыс пен Батыстың байланысы Каспий аймағы мен Кавказ аймағына кең мүмкіншілік ашады деді. АҚШ үкіметі Қазақстан мен Әзірбайжанның келесі келіссөздері екеуара пайда тапсын, халықаралық инвесторлардың мүдделеріне сай болсын деп тілек білдірді.