Онда бейбіт демонстрация күшпен басылар алдындағы сәттер түсірілген. "Карнеги бейбітшілік қоры" бейнежазбаны демонстрацияға шыққан жұрттың арасындағы екі азамат түсіріп алған, бұл бейнекассеталарды Өзбекстан үкіметі тәркілеген дейді. Бейнежазбада қарулы азаматтар бейбіт демонстрацияға шыққан жұрттың арасына кіріп, бекініп жатқандары көрсетілген. Өзбекстан үкіметі бейнежазбаны "Акрамия" исламшыл тобының қолдаушылары түсірген дейді.