Ирақ бас министрі Нури Кәміл Әл-Мәлики бүгін парламентке ұлттық келісім жоспарын кіргізбек. 28 баптың бірінде кейбір көтерілісшілер Ирақ саяси процесіне қосылса оларға рақымшылық жасаған жөн деп ұсынылмақ. Елдегі жағдайды бақылауды АҚШ бастаған коалициядан Ирақ жасақтарына тапсыру шаралары қарастырылып отыр.