Бұл жөнінде АҚШ әскери мәлімдемесінде айтылған. Коалиция тарапынан екі солдат қаза болған екен. Олардың қай елдерден екендігі айтыла қойған жоқ. Коалиция күштері бірнеше апталардан бері елдің оңтүстігінде қайта топтаса бастаған талибандық жасақтармен шайқастар жүргізіп келеді.