Израйль әскери бекетіндегі атыстар барысында екі израйльдік солдат және үш палестиналық қаза болған

Бұл атыстар палестиналықтардың осы бекетке таңертең жасаған шабуылы барысында орын алған еді. Оның кесірінен тағы бір Израйль солдаты хабарсыз кетті, дейді Израйль армиясы. Бұл шабуылдардан біраз кейін танкілер және тікұшақтардың қолдауымен Израйль күштері Газа аймағына басып кірді.