Елдің қауіпсіздігін Ирақ армиясының қашан қорғауға кірісетіні әлі белгісіз

БАҒДАД. Кеше Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики парламентке ұлтты біріктірудің жоспарын ұсынды. Үкіметі басы қаруын тастауға келіскен көтерілісшілерге рақымшылық жасауды ұсынып отыр. Бірақ кісі өлтіру мен лаңкестікке қатысы болғандар рақымшылыққа жатпайды. Оған қоса Әл-Мәлики, жұрт күткендей, елдегі қауіпсіздікті Ирақ күштерінің қашан өз міндетіне алатынын айтпады. АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Залмай Халилзад көтерілісшілерді қаруын тастап, осы жоспарды қолдауға шақырды.