БАҒДАД. Бағдадтан 4 орыс дипломатын ұрлап алып кеткен экстремистік топ кеше оларды дарға асып өлтіргендерін мәлімдеді. “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаил Камынин бұл ақпардың барлық мүмкін арна бойынша тексеріліп жатқанын мәлімдеді. Экстремистердің әлгі мәлімдемесі мен дипломаттардың дарға асылған көрінісі интернетке шықты. Өзін “Моджахедтердің шура кеңесі” деп атайтын экстремистік топ орыс дипломаттарын өзінің талап-шарттарын орындау үшін Ресей үкіметіне берген уақыттың аяқталуына байланысты өлтіргендерін мәлімдеді.