Өзбек соты тыйым салынған Хизб ут Тахрир ұйымына мүше болғаны үшін үш адамды соттады

Тәшкенттегі құқық қорғау орталығының басшысы Сурат Икрамовтың айтуынша, Қайрулла Мавлонов, Анварқожа Турақожаев және Махмуд Хошимов 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге абақтыға жабылған. Мәскеудегі Прима Ньюс адам құқығын қорғау ақпарат агентігінің хабарлауынша, Мавлоновтың адвокаты Хусан Махбудов сот оларға айыпты ойдан шығарып, оларға куәлік жасағандарға мән бермеді дейді.