Астанада маусымның 28 күні алқа отырысында Қазақстанның бас прокуроры Рәшид Түсіпбеков Астана прокурорына қатаң ескерту жасап екі орынбасарына сөгіс жариялап, екі прокурорды қызметінен босатты. Себебі, Астаналық прокуратура жемқорлық фактілер бойынша тек 4 қылмысты іс қозғаған, деді ол. Салыстыратын болсақ, Қызылордада жыл басынан бері осындай 17 қылмысты іс қозғалған деп хабарланады.
Қазақстанда жемқорлықпен күрес жұмысы 1998 жылы заң қабылданғаннан бері жүргізіліп келеді, дейді прокуратура өкілдері. Ресми мәлімет бойынша жемқорлыққа қатысы барлардың қолға түскендер саны жыл сайын көбейіп келеді. Негізінен қызметте құжаттарды ауыстыру, қызмет бабын асыра пайдалану және пара алу анықталып келеді, деді бас прокурор. Бірақ, Рәшид Түсіпбековтың айтуынша жемқорлықпен күрес шаралары барысында орта шендегі шенеуніктер тұтылып, қалғандары құтылып жатады. Бұл орайда Астаналық прокуратура жыл басынан бері не бәрі 4 қылмысты іс қозғаған, Астанамен салыстырғанда жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін факторлары аз Қызылорда облысында 17 қылмысты іс қозғалды, деді Қазақстанның бас прокуроры Рәшид Түсіпбеков.
Бұл ескертулерді естіген Астана прокурорының бірінші орынбасары Ғалымжан Тоғызбаев журналистер алдында өзгеше сандарды келтіргенімен тағылған айыптарды мойындайтындығын жеткізді:
- Сыбайластық жемқорлыққа 5 айдың ішінде 11 лауазымды кісі сотпен қылмысты жауапқа тартылды. Оның ішінде 8 ішкі істер министрлігнінің қызметкерлері, біреуі сот орындаушы, біреуі осы қалада судья болып істеген кісі. Былтыр 15 кісі болатын. Сондықтан мұның бәрін біз қабылдаймыз.
Ал, бас прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша, көрсеткіштер өсіп жатсада мұны жемқорлықтың өсуі деп қарастыру қате:
- Бұл енді сыбайластық жемқорлық жайлап кетті дегенді білдірмейді. Бірақ, енді өздеріңіз білесіздер прокуратура деген ең басты қадағалау органы. Сондықтан аса тазалық деген бұл жерде ерекше болу керек. Міне бүгін қалалық прокуратураның сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресі және өз ішіндегі тәртіп мәселесі қаралды. Қалалық прокуратураға қатаң ескерту жасалды. Орынбасарларына сөгіс жарияланды. Сосын екі адам орнынан алынды.
Ал, Астана прокуроры Виктор Корчагиннің айтуынша қолы таза емес шенеуніктердің жақсы көретін салалары мемлекеттік сатып алу мен лицензиялау болып табылады. Ал, жалпы жемқорлыққа қатысты 82 іс қозғалған, сотталғандардың көбі полиция қызметкерлері, деді ол.
Ал, Бас прокуратураның баспа сөзхатшысы Сәулебек Жәмкенұлы бұл көрсеткіштерге күмән келтіріп отыр:
- Енді қанша айтқанменен Астананың аты Астана емес пе. Бюкіл шенеуніктердің бүкіл қызметкерлердің жиналған жері осы. Ал, оған жыл басынан бері 4-ақ іс қаралған дегенге әрине ешкімді қанағаттандыра алмайды, онымен ешкімді нандыра алмайды.
Астананың кәсіпкерлікті қолдау департаментінің маманы Қуаныш Аймақовтың айтуыншада кәсіпкерлер мен шенеуніктердің ең көп шоғырланған жері Астанада. Қазір қалада 36 мыңға жуық шағын кәсіпорын бар екен. Сондықтан шенеуніктердің жұмысына қатысты шағымдар көп болады, дейді ол.