Гуантаномадағы тұтқындар тағдырын АҚШ әскери трибуналы шеше алмайды

АҚШ президенті Буш тұтқындағы күдікті терроршыларға байланысты әскери трибуналға қарсы Жоғарғы сот шешіміне мұқият зерделеп қарайтындығын білдірді.

- Біз Жоғарғы сот пікірімен келісіп, ол шешімді талқылаймыз. Сондай-ақ, Конгреспен де ақылдасатын боламыз, - деді АҚШ президенті.

Бейсенбі күні, АҚШ Жоғарғы соты, Гуантанамодағы тұтқындарға әскери трибунал арқылы қылмыстық іс қозғау АҚШ заңы мен Женева конвенциясына қайшы заңсыздық әрекеті болады деген болатын.