Президент Ющенко партияларды ымыраға келуге шақырды

Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко саяси партияларды парламенттегі дағдарысты шешу үшін келіссөзге отыруға шақырды. Ющенко бұл үндеуін бейсенбі күні ең үлкен партия парламент мінберін басып алып, отырыстың өтуіне тосқауыл қойған соң жасап отыр. Ол әрекеттер Юлия Тимошенконың премьер министр қызметіне қайта оралуына дауыс беруге жол бермеді.