Палестина бас министрі Исмаил Хания Израиль күштерінің Газа жолағына шабуылын тоқтатуға шақырды

Газадағы жұма намазы кезінде айтқанындай, Израиль ондай шабуыл, тұтқындау және жетекшілерді өлтіру арқылы палестиндықтардың басын игізе алмайды.

– Біз президент Махмуд Аббаспен және мысырлық ағайындармен бұл жанжалды дұрыс жолмен шешуге әрекеттенудеміз. Бірақ Израиль өз әскери шабуылдары арқылы жағдайды қиындатып отыр, - дейді Палестина бас министрі.

Ал бұл арада израильдық әскерді кепілдік тұтқында ұстап отырған топ Израиль түрмелеріндегі 1000 шақты палестин азаматын бостандыққа шығарылуын талап етеді.