ЛОНДОН. Ағылшын парламентарийлерін Ауғанстан мен Ирақтағы ахуал қатты алаңдатып отыр. Қауымдастықтар палатасының шетелдік істер комитетінің баяндамасында осы екі елдегі британ әскерлерінің күн санап ұлғайып бара жатқан қауіп-қатерге душар болғаны айтылады. Құжатта, сондай-ақ, исламшыл топтардан, ең алдымен “Әл-Қаида” ұйымынан Ұлы Британияның өзіне де әлі қатер төніп тұрғаны ескертіледі. Парламентарийлер үкіметті лаңкестікке қарсы үгіт-насихатты күшейтуге шақырды.