Валенсиядағы поезд апатынан кемінде 41 адам құрбан болды

Валенсия қаласындағы метрода орын алған поезд апатынан кемінде 41 адам қаза тауып, 50 кісі жарақат алды. Бұл туралы Испанияның ресми орындары хабарлады. Апат болған жерде қазір құтқарушылар жұмыстарын жалғастыруда.