Халықаралық ұйымдар Н.Назарбаевты даулы заңды қабылдамауға шақырады

ВЕНА. Баспасөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қазақстан президенті Н.Назарбаевқа баспасөз құралдары туралы кейбір заңға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы даулы заң жобасына вето қоюға немесе тоқтау қоюға шақырған хат жолдады. Штаб-пәтері Венада орналасқан Баспасөздің Халықаралық Институты Н.Назарбаевқа жолдаған осы хатында әлгі заң жобасы Қазақстан журналистерінің онсыз да қиын жағдайын ауырлатып жіберетінін атап көрсетеді.