Ауған президенті терроршылдардың қаржы көздерін жоюға шақырды

Президент Қарзай Ауғанстанда соңғы кездері орын алған шабуылдарды шетелдерден көмек, қолдау алып отырған терроршылар ұйымдастырып отыр деп мәлімдеді.

- Бұл лаңкестердің, оларды талиптер десе де болады, күш-қуатының қанша екендігін айту өте қиын. Олардың біреуінің өзі бомбымен мектепті немесе аурухананы қиратып, бірер қауым немесе ұйым жетекшісінің өмірін қиюы әбден мүмкін, - дейді президент Қарзай.

Сондықтан оның айтуынша, ол аймақты Ауғанстан, Пәкістан және өзге де елдер өзара бірлесіп терроршылыққа қарсы күресіп, лаңкестерге қаржы беріп демушілік жасайтын бұлақтарды жою қажет екен.