Украина парламентіндегі негізгі оппозициялық ресейшіл Аймақтар партиясы Социалистік және Коммунистік партиялармен өзара одақтастық келісіміне қол қойды. Егер ондай коалиция дүниеге келгені рас болса, онда Виктор Янукович бас министрлік қызметіне отыруы мүмкін. Мұндай күтпеген жаңалық келісімге президент Ющенконың либералды партиялардан коалиция құруға мүмкіндігі болмағаннан кейін қол жеткізілді. Бұл арада бұрынғы бас министр Янукович өзге партияларды да коалицияға қосылуға шақырды.
- Коалиция есігі әрқашан ашық, кез келген партия бұл одақтың жұмысына қатыса алады, - деді В.Янукович.
- Коалиция есігі әрқашан ашық, кез келген партия бұл одақтың жұмысына қатыса алады, - деді В.Янукович.