Қытай мен Ресей сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты БҰҰ-ның жауабын талқылады
Аталған екі ел Пхеньянға санкция қолдану жөніндегі Жапония тарапынан ұсынылған қарарға қарсы. Ал БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қалған тұрақты мүше елдері, яғни АҚШ, Британия және Франция, бұл қарарға қолдау білдірді.