Грузия Абхазиядағы Ресейдің бітімгершілік күштерінің орнына БҰҰ-ының күштерін көргісі келеді

НЬЮ-ЙОРК. Грузия парламентінің спикері Нино Бурджаназде БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің алдында сөз сөйлеп, Грузия мен Абхазия арасындағы жанжалды шешуге бөгет жасап отыр деп Ресейді айыптады. Бурджанадзенің айтуынша, Грузия үкіметі Абхазиядағы Ресейдің бітімгершілік күштерін БҰҰ-ының бітімгершілік күштері алмастырғанын қалайды. Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі Виталий Чуркин Бурджанадзенің сөзіне “орынсыз және нәтиже бермейтін сөз” деп наразылық білдірді.