ГРОЗНЫЙ. Кеше Чешенстанның Ножай-юрт ауданында жүзеге асырылған арнайы операцияның барысында 13 моджахедтің көзі жойылып, екеуі тірідей қолға түсті. “Азаттық” радиосының тілшісі хабарлағандай, атыс кезінде 2 милиция қызметкері оққа ұшып, алтауы жараланды. Моджахедтерден мол қару-жарақ тәркіленді. Олар Дағыстандағы беделді моджахед Хайрулла Эльмурзаевтың тобына жататын болса керек деп болжануда.