Беларусь билігі Минскіде шеруге шыққан 30 адамды қамауға алды

Наразылық танытушылар “Сегіздік Тобы” басшыларын Ресейдің Беларусь президенті Александр Лукашенконы қолдауын тоқтатып, оған қысым көрсетуге шақырды. Рұқсат етілмеген наразылық шарасы жексенбі күні Минскідегі Ресей елшілігі жанында өткен болатын. Тұтқындалған наразылық танытушылар енді 10 күнге түрмеге жабылды.