“Азаттық радиосы” Өзбек Қызметінің хабарлауынша, Әндіжан оқиғаларынан кейін елден қашып кеткен 9 өзбек босқыны АҚШ-тағы Өзбекстан елшілігінің көмегімен Өзбекстанға оралған. Бұл босқындарға АҚШ-та саяси баспана берілген тұғын және олар Аризона штатында тұрған болатын. Шілденің 13-і күні 9 өзбек босқыны ұшақ арқылы Өзбекстанға жеткізілген. Олардың неге еліне оралғандығы белгісіз.