Ауруға шалдыққан балалар бұл дертті Шымкентегі үш ауруханада жұқтырған болуы мүмкін деген күдік бар.
Бұл шулы іске қатысты ауруханалар мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінен әзірге нақты ақпарат-мәлімет берілмей отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрлан Алдабергенов дүйсенбі күні «Азаттық» тілшісіне, осы дерттің балаларға жұғу фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
- Бізге түскен алдын-ала мәлімет бойынша, дерт жұқпалы жолмен, яғни қан арқылы дарыған деген болжам бар. Осыған байланысты бұл іске қатысы болған дәрігерлердің өз ісіне жауапсыз қарағаны үшін оларға қарсы қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілмек, - деді прокуратура өкілі.
Өткен аптада баспасөз құралдары Оңтүстік Қазақстан облысында жас шамасы 2 айдан 3 жасқа дейінгі аралықтағы 14 балада ВИЧ дертінің нышандары байқалғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Сәбилердің барлығы Шымкенттегі үш ауруханада бірнеше мәрте жатып шыкқаны және оларға ауруханаларда қан құйылғаны белгілі болды. Алғашында дәрігерлер қатерлі аурудың балаларға ата-аналарынан жұғуы мүмкін деген болжам айтқан еді. Бірақ, кейін бүлдіршіндердің басым бөлігінің отбасында ондай дерке шалдыққандардың жоқ екендігі анықталған.
- Ол сәбилердің тек біреуінің ғана шешесі осындай дертке шалдыққаны туралы ресми ақпарат бар. Қалғандарының барлығының жағдайы жақсы, дендері сау адамдар екені анықталған. Сол себепті оларғы бұл дерт медициналық мекемеде жұққан деген күдік басым болып отыр, - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының өкілі Нұрлан Алдабергенов.
Шымкентте соңғы 3 күн бойы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног бастаған көпсалалық арнайы комиссия жұмыс істеді. Бұл топ балалар емделген медицина мекемелерін тағы бір зерттеп шықты.
Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің таратқан ақпараты бойынша, ағзасы қайта тексерілген бүлдрішіндерден ВИЧ дертін жұқтырған деп күдікке ілінгендер саны 15 екен. Сонымен бірге Шымкенттегі қандары пайдалануға алынған 91 донордың 88-інің қан құрамдары зерттеліп, олар дерттен сау болып шыққан.
- Дәл бүгінгі күні дерттің шыққан көзі табылған жоқ, өкінішке орай. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабымен қайта тексерілген 15 баланың алтауында дерт диагнозы расталды. Ал қалғандары енді бір айдан соң тағы да тексерілмек, - деді Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Нағима Жолдасова шілденің 17-күні «Азаттық» радиосына.
Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің таратқан мәліметіне сәйкес, 1996-2006 жылдың маусым айлары аралығында, донорлар арасында қанында ВИЧ инфекциясы бар 28 адам анықталған. Олардың бірі – тұрақты донор ретінде 12 рет қан тапсырған екен. Алайда, бұл донордың қаны құйылған пациенттерден ВИЧ инфекциясы табылған жоқ деп хабарланып отыр.