Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар Түркімен үкіметі қамауда ұстап отырған үш түркіменнің тағдырына лаңдаушылық танытып отыр. Ол «Азаттық» радиосының Түркіменстандағы тілшісі Оғулсапар Мурадова, құқық қорғаушы белсенділер Амангурбан Аманклишев пен Сапардурды Хажиевтің қамауға алынғанына бір айдан асты. Олардың мәлімдемесінде, қамаудағы ол үш азаматтың азапталуы мүмкін екені айтылған.