БҰҰ Израиль – Ливан соғыс жанжалын талқылап қажетті ұсыныстарын айтпақ

БҰҰ Израиль әскерлері мен Ливандық Хезболла тобы арасындағы бұл қантөгісті жанжалды тоқтату мақсатында халықаралық қауымның қолдау мәселесін талқыламақ. Бүгін БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан бастаған арағайындар тобы Қауіпсіздік кеңесі алдында Таяу шығыстаға жағдай жөнінде есеп бермек. Кофи Аннан Нью-Йоркта АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс және ЕуроОдақ сыртқы саясат басшысы Хавиер Солана мен осы мәселе бойынша келіссөздер жүргізбек.