БҰҰ Таяу Шығыстағы жағдайды талқыламақ

Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерді тоқтату мақсатында БҰҰ-ы халықаралық қауымдастықтың қолдау мәселесін талқыламақ. Таяу Шығысқа барып қайтқан БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан мен тағы басқа өкілдері Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйлейді. Аннан, сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен және Еуроодақтың сыртқы саясат мәселесі бойынша басшысы Хавиер Соланамен келіссөздер жүргізеді.