Израиль Ливанда шабуылымызды жалғастыра түсеміз деді

Израиль қорғаныс министрі Әмір Перез "Хизболла" партизандарына қарсы Ливанда шабуылымызды жалғастыра түсеміз деді. Израиль "Хизболланы" өз шекарасынан алыстатпақ. Германия, Франция және Британия сыртқы істер министрлері қақтығыс аймағына келіп, оқатуды тезарада тоқтатуға күш салып жатыр. Бүгін кешке мұнда АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс келеді деп күтіліп отыр. Израиль Ливан оңтүстігіне халықаралық бітімгершілік жасағы келіп жетсе жөн болады деп мәлімдеді.