Венада Косовоның мәртебесіне қатысты келіссөз өткізілмек

Сербия және Косово президенттері мен премьер-министрлері бүгін Косовоның болашақ мәртебесіне қатысты алғашқы рет тікелей келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Косовода тұратын халықтың көбі албандар. Бұл өлке НАТО-ның Сербияға шабуылдарынан кейін 1999-шы жылы БҰҰ-ның бақылауына өткен болатын. Косовалық албандардың тәуелсіздік алуына Сербия қарсылық білдірді.