Түркіменстан Ресейге 8 күн газ жөнелтпейміз деді

Түркіменстан газ құбыржолын жөндейміз, сондықтан 25 шілдеден бастап Ресейге газ жөнелтпейміз деп хабарлады. Жөндеу жұмысы сегіз күн жалғасады делінді. Түркіменстан газды Ресейге Өзбекстан және Қазақстан арқылы, "Орталық Азия-Орталық-4" құбыржолы арқылы тасымалдайды. Құбыржолдағы қызметті Ресейдің "Газпром" компаниясы басқарады, жөндеу "Газпром" бұйымтайы бойынша жасалады, - деді Түркіменстан мұнай және газ министрлігі. "Орталық Азия-Орталық-4" құбыржолы арқылы жылына 44 миллиард текше метр газ тасымалдауға болады.