Қырғызстан бас министрі Феликс Құлов бұрынғы президент Ақаевтың тұсында қару-жарақ ұрланды деген жағдай тергелсін деп бас прокуратураға өтініш жолдады. Феликс Құлов айыпты деп табылған азамат ел әскерінде қару-жарақтың жетпей жатқанына жауапты болады деді. Феликс Құлов осы істі 1990 жылдары вице-президент болғанымда тергеуді талап еткен едім деп еске салды.