17-күн аштық ереуілінен аурып қалған Саддам сотқа келе алмады. Саддамның адвокаттары сот әділ жүрмей жатыр деп соттың бүгінгі мәжілісіне бойкот жариялады. Адвокаттар АҚШ әскерінің өкілдері Саддамның аштық ереуілін күшпен тоқтатып жатыр, Саддамды күшпен тамақтандырып жатыр деп мәлімдеді.