Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев өзбекстандық әріптесі Ислам Кәрімовпен бірге халықаралық лаңкестк пен діни экстремизмге қарсы күресетін күштерге қосылуға келісім бердім дейді
Қырғыз президентінің веб-сайтында жарияланған мәлімдемеде ортазиялық екі жетекшінің 22 шілдеде ТМД елдері басшыларының Мәскеудегі жоғары дәрежелі кездесуінен кейін осындай ұйғарымға келгендіктері жөнінде айтылған.